Тайланда жол-көлік оқиғасынан Қазақстанның 8 азаматы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Nation басылымына сілтеме жасап. Қазақстандық туристермен бірге төбесі ашық микроавтобустың жүргізушісі және жол көрсетуші жарақат алған. Саяхаттаушы топ Пхукет аралындағы Hanuman World аттракцион саябағына бара жатқан.Басылым таратқан мәліметтерге қарағанда, жүргізуші көлік рулін басқара алмай, жол шетіндегі ағашқа соғылған. Тоғыз жолаушы Dibuk Hospital Dibuk Hospital ауруханасына жеткізілді. Екі туристің аяғы, біреуінің қолы сынған.Басынан қатты жарақат алған туристердің біреуі жедел түрде Phuket International Hospital ауруханасына жіберілді. Полияция жол оқиғасын тексеріп жатыр.