Ресей 2027 жылға қарай Марсқа ұшу үшін аса ауыр зымыран тасымалдағыш жасауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Известия»-ға сілтеме берген ҚазТАГ.
«2027 жылға қарай «Роскосмоста» ауыр жүк тасымалдаушы зымыран жасау туралы президенттің жарлығы дайындалды. Зымыран тасымалдағышты жасауға федералдық ғарыш бағдарламасының бюджетінде қосымша 700 миллиардтан 1,5 трлн. рубльге дейін қажет болуы мүмкін. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл - Ресейдің ғарыштық шамшыл бағдарламаларының қайтарылуына және Марсқа экспедиция сияқты халықаралық жобаларға қатысудың алғашқы қадамы», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Айта кету керек, жаңа зымыран ғаламды, Күн жүйесiн одан әрi зерделеу, өзiнiң Айды зерттеу бағдарламасын жүзеге асыру үшін қажет.
«Ресей Федерациясы президентінің мүдделі министрліктер мен ведомстволармен келісілген жарлық жобасын жасау туралы нұсқауы бар. Алдағы бірнеше күнде жарлық жобасы үкіметке ұсынылады», - деді «Роскосмос».