Ніл өзенінің шығыс жағалауында орналасқан Луксор қаласында туристер мінген әуе шары құлады, деп хабарлайды iz.ru. Оқыс оқиға салдарынан америкалық бір турист қаза тауып, тағы жеті адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, апатқа құйындата соққан жел себепші болған.