Леонардо Да Винчидің «Әлем құтқарушысы» картинкасы Нью-Йорктағы Christie's аукционында 450 млн. Долларға сатылды деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл осыған дейінгі аукционда сатылған бұйымдардың ішінде ең құнды және орасан көп сомаға сатылған бірінші дүние. Бұл картина Леонардо Да Винчидің жеке колекциясында сақталған жалғыз шығармасы. Басты лот саналған «Әлем құтқарушысы» картинасының бастапқы бағасы 100 миллион долларға бағаланған. Ал картинаны сатып алуға бес үміткер таласқан. Көне жәдігердің бағасы 200 миллионнан асқанда картинаны алуға үш қана үміткер қалады. Жарты сағаттық саудаласудан кейін үміткердің бірі 400 миллион ұсынып, атақты суретшінің құнды шығармасын рекордтық сомаға сатып алды. Аукцион жарнасы, салық т.б төлемдерді қосқанда, «Әлем құтқарушысы» картинасының жалпы құны 450 млн долларды құрайды. Бұл аукционда сатылған картиналардың арасында ең қымбат көрсеткіш.