Ресейдің Хабаровск өлкесінде апатқа ұшыраған L-410 ұшағы шамамен 600 метр биіктіктен құлаған, деп жазады ҚазАқпарат. Бұл жайлы өңірлік көлік бақылауы қызметінің дереккөздеріне сілтеме жасаған «Интерфакс» хабарлайды. Агенттікке сұхбат берушінің мәліметінше, апаттан баланың аман қалуы - ерекше оқиға. Бұған дейін мұндай жағдайда ешкім тірі қалмаған. Дерек көздеріне сүйенсек, қыздың қазіргі жағдайы орташа деңгейлі ауырлықта, ми жарақатын алып, аяғы сынған. Бүгін, 15 қарашада Хабаровскіден Нелькан ауылына бағыт алған L-410 ұшағы қонар кезде қираған. Нелькан билігі алты адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Олардың төртеуі - жолаушылар, екеуі - экипаж мүшелері. Апат салдарынан төрт жасар қыз ғана аман қалды.