Сауд Арависы жасы 25-тен асқан ер адамдарсыз баратын әйелдерге туристік виза беруді бастайды, деп хабарлады «Коммерсант».
«Бұған дейін әйелдер корольдікке отбасындағы ер адамдарсыз шыға алмайтын еді, енді бұл тыйым тек жасы 25-тен кіші адамдарға ғана қатысты. Басылым ақпарынша, (Khaleej Times – КазТАГ), бір реттік виза 30 күнге жарамды. Жаңа ереже 2018 жылдың бірінші тоқсанында енгізіле бастады», - делінген хабарда.
Корольдіктің туризм және ұлттық мұра бас басқармасының төрағасы Омар аль-Мүбарак хабарлағандай, «басқа визалар, соның ішінде қажылыққа барушылар мен еңбек мигранттарына арналғаны ел аумағында қолданыста жүре береді», деп хабарлады ТАСС:
«Аль-Мүбарактың айтуынша, үкімет шешімі Сауд Аравиясындағы туризмді дамытуға көмектеседі және басқа елдердегі әйелдерге Парсы шығанағындағы ірі монархияның мәдениеті туралы білуге көмектеседі», - делінген хабарда.
Еске салсақ, бүгінгі күнге дейін Сауд Аравиясына тек әлеуетті жұмысшылар мен исламның киелі жерлеріне қажылыққа баратындарға, немесе елге жұмыс сапарымен келушілерге ғана рұқсат етілді. 2030 жылға қарай корольдікке жылына келушілер саны 30 млн адам деңгейіне жетуі мүмкін, қазір бұл сан 2 есе төмен, бұл ретте олардың арасында туристер жоқ.
Сарапшылар атап өткендей, қазіргі таңда Сауд Аравиясының қоғамдық өмірінде ырықтандыру байқалуда: бұған дейін болған тыйым салулар алынып тасталуда, әйелдер құқығы кеңейтілуде. Атап айтсақ, оларға көлік жүргізуге, футбол матчтары кезінде стадион трибуналарында, сот ғимараттарында беттерін ашып тұруға рұқсат берілуде.
Мұндай реформалар мұрагер ханзада Мұхаммед бен Сальман 2015 жылы ұсынған «Видение-2030» стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Монархияны трансформациялау бағдарламасы негізінен ұлттық экономиканы әртараптандыруға және шикізаттық емес саланы дамытуға бағытталған.