2018 жылы 15 маусымы мен 15 шілде аралығында футболдан Ресейде өтетін әлем біріншілігіне қатысатын барлық құрама белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әлем чемпионатында 32 команда өнер көрсетеді.
Олар: Еуропадан - Германия, Дания, Англия, Польша, Бельгия, Испания, Исландия, Португалия, Швеция, Сербия, Швейцария, Франция және Хорватия құрамалары. Оңтүстік Америкадан - Бразилия, Перу, Колумбия, Аргентина және Уругвай құрамалары. Азия елдерінен - Иран, Сауд Арабиясы, Жапония, Австралия және Оңтүстік Корея құрамалары. Африка құрлығынан - Тунис, Марокко, Мысыр, Нигерия және Сенегал құрамалары. Солтүстік Америкадан - Коста-Рика, Панама және Мексика құрамалары.
Әлем чемпионатына жеребе тарту 1 желтоқсан күні Мәскеуде өтеді.