Еуропалық аймақта қызылша ауруларына қатысты ахуал күрделеніп тұр деп хабарлайды Роспотребнадзор-ға сілтеме берген ҚазТАГ.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемнің бірқатар елдерінде 2016-17 жылдары қызылшамен ауырғандар Румынияда - 5 мыңға жуық, Италияда - 4,8 мыңнан астам, Украинада - 1,6 мыңнан астам, Германияда – 950-ден аса, Тәжікстанда - 685, Францияда - 420, Бельгияда - 365 және т.б. тіркелген. 2017 жылы қызылшадан адам өлімінің 30 оқиғасы тіркелді, оның ішінде Румынияда - 22, Италияда - 3, Германияда, Португалияда, Францияда және Испанияда елдерінде де осы аурумен көз жұмғандар бар.
Бұдан басқа, 2017 жылдың қазан айының басында Сербиядағы қызылша ауруларының таралу қаупі күрделі болды: Сербияның денсаулық сақтау институтының мәліметтері бойынша, қызылшаның 65 оқиғасы тіркелді, соның ішінде қайтыс болғандар Белградта, Кралевода, Бояновитке және Косовода тіркелген. Ең бастысы, қызылшаға қарсы вакцинацияланбаған адамдар ауырып жатыр.
Сербияның медициналық мекемелеріне иммундаумен қамтуды – 95 пайызға дейін, сондай-ақ аурудың асқынуы және иммундау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуге дейін халықты қосымша вакцинациялау тапсырылды.