Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі) Ирандағы жағдайға байланысты шұғыл кездесу өткізеді, деп хабарлайды TАСС агенттігі France-Presse агенттігіне сілтеме жасап.
«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұма күні Ирандағы жағдайға байланысты шұғыл кездесу өткізуді жоспарлап отыр», - деп хабарлады агенттік бейсенбіде.
Агенттіктің хабарлауынша, кездесу 5 қаңтарға жергілікті уақыт бойынша сағат 15: 00-де (аст. уақытымен 6 қаңтарда сағат 02.00) жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, 28 желтоқсанда Иранда наразылықтар басталды. Әртүрлі қалалардағы демонстрацияға қатысушылар бағалардың өсуіне наразылық білдірді. Полициямен болған қақтығыстар нәтижесінде кемінде 20 адам, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаза тапты. Иран билігі мәлімдегендей, тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін 450-ден астам адам қамауға алынды.
3 қаңтарда «ислам революциясының сақшылары» корпусының (Иран қарулы күштерінің элиталық бөлімі) қолбасшысы, генерал Мохаммад Али Джафари бүлікшілерді жеңгенін жариялады. Оның айтуынша, елдегі барлық іс-шараларға 15 мыңнан астам адам қатысты.