Қаз   Рус

«Астана Балет» театрының труппасы Нью-Йоркте өнер көрсетеді

7 қаралды
0
kaztag.kz
Пятница, 12 Янв 2018, 12:30

«Астана балет» театры Нью-Йорктегі ірі мәдени орталық Линкольннің орталығында өнер көрсетеді, деп хабарлайды театрдың PR-қызметі.

Хабарда айтылғандай, 2018-жылдың 17-қаңтарында Нью-Йорктың ірі мәдениет ошағы Линкольн орталығында «Астана Балет» театры «Қазақстан «Астана Балет» Гала» бағдарламасын паш етеді. Түрлі жанрдағы хореографиялық өнердің бұл көрсетілімі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен өткізіліп отырған «Жаһандағы заманауи Қазақстан мәдениеті» жобасының аясында өткізілмекші.

«Астана Балет» театрының Нью-Йорктегі бұл бағдарламасы «Ел жүрегі - Астана» атты елордасының жиырма жылдығына арналған мерекелік мәдени іс-шаралардың басы болмақ. Осы жылдардың ішінде елордасы Қазақстанның ғана емес, жалпы Орталық Азия аймағының қоғамдық-саяси және мәдени өмірінің ірі орталығына айналып үлгірді. Астана Еуразия аумағындағы халықаралық орталық саналады.

Линкольн орталығында «Астана Балет» труппасы отандық хореография өнерін алғаш таныстырып отырған жоқ. Осыдан үш жыл бұрын, жетекші хореографиялық ұжымның америкалық сахнадағы дебюті өтіп, сұлулық пен әсемдік, сымбат пен нәзік бейнелер әлемі Нью-Йорк көрерменінің таңданысын тудырған еді. Бұл жолы көрермен ықыласына бөленген «Астана Балет» атты ең жас қазақстандық театр контрастты бағдарламасын ұсынбақшы: пластика тілімен жеткізілген ұлттық мәдениет өрнектері мен жарқын балет спектакльдерінің үзінділері.

«Театрдың шығармашылық ұжымын күрделі іс күтіп тұр. Мәдениетімізді таныстырып, Қазақстанның ұлттық және заманауи балет өнерін әлемдік қауымдастыққа паш етіп, көрермен пейілін өзімізге қаратып алуымыз керек», - деді, театр директоры Валерий Күзембаев.

«Астана Балет» классикалық мұра мен заманауи балет өнерінің бар байлығын бойына сіңіріп, соның негізінде тың хореографиялық туындылар мен орындаушылық өнердің жаңа үлгілерін жасап келеді. «Астана Балет» театры заманауи бағыттағы ұлттық биді зерттеп, дамытуға да баса көңіл аударып, қазақ биінің сұлулығы мен пластикалық үйлесімдігін ашатын жаңа хореографиялық миниатюралар шығарып жүр. Мұнда халық биінің тамыры терең, ерекше сипатына, оның болмысына барынша мән беріледі. Себебі, ұлттық би арқылы көрермен біздің мәдениетімізбен танысады. Сондықтан ұлттық би, театрдың барлық гастрольдік сапарларындағы концерттік бағдарламаларға қосылып, біздің театрды әйгілеп тұрған дүниеге айналды.

«Нью-Йоркке сапарымыздан кейін, театр жаңа шығармашылық белестерді бағындыруға қанаттанады деп ойлаймын. Жас әртістер үшін гастроль – шығармашылығына шабыт бітіретін дүние, сонымен қатар, жаңа көрермен, бөтен аудиторияның алдында өз күш-қуатың мен мүмкіндігіңді сынаудың жолы. Нью-Йорктегі гастрольге репертуарымыздағы ең үздік қойылымдарды таңдадық – «Ұлы Дала мұрасы» атты хореографиялық миниатюралар мен балет үзінділерінен құралған ұлттық бағдарлама; Алтынай Асылмұратова қойған «Щелкунчик» балетінен па-де-де; «Divercity» және «A fuego lento» атты неоклассикалық балеттердің үзінділері, бельгиялық хореограф Р.Амарантенің «Love Fear Loss» атты бір актілі балеті», - дейді театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри.

«Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасына ұлттық бояуы қанық хореографиялық миниатюралар мен балет үзінділері еніп отыр. Барлық композициялардан халық дәстүрінің байлығын танып, сан-қырлы эмоциялық күйге бөленесіз. Көркем музыка, қайталанбас көркем бейнелер арқылы бұл қойылымдар жүрегіңіздің түбіне бойлап, жадыңызда хатталып қалады. «Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасына қарап, жарқын, екпінді дамып келе жатқан әрі бірегей заманауи ұлттық балет жайлы бағамдауға болады.

«Love Fear Loss» (музыка - Эдит Пиаф репертуарындағы әндердің тақырыбы, хореограф - Рикардо Амаранте) – Эдит Пиафтың ғажайып өмірінен нәр алып, оның әндерінің әуенінен сусындаған туынды. Мұнда әйгілі әншінің түрлі ерлермен қарым-қатынасы көрініс тапқан. Бір арнаға тоғысқан Пиаф әндері махаббат ұранына айналып, әлемді тамсандырды. Балеттің әр дуэті құштарлық пен махаббат, айырылып қалу қаупі мен үрей сезімдерін өрнектейді.

«A fuego lento» атты келесі бір актілі балет – махаббат сезіміне алғаш еліткен тұстағы бойыңызды билеген үрей мен дүлей күшті сипаттайды. Тәніңіз ерекше күйге бөленіп, ал, құштарлық сезімі тұла-бойыңызды өртейді. Ғашық жанның әрқайсысы үшін күллі әлем сүйіктісінің айналасына тоғысып, өмірдің мәні тек махаббат болмақ. (музыка - Лало Шифрин, Астор Пьяццолла, Карлос Гардель, Хореограф – Рикардо Амаранте).

Репертуардың сан-алуандығы, орындаушылық шеберлік пен сахналық безендірудің жоғары сапасының арқасында «Астана Балет» театрының қойылымдары өз елімізде ғана емес, шет елдерде де зор қошеметпен қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана Балет» театры Мәскеу мен Санкт-Петербор (Ресей), Бейжің (Қытай), Париж (Франция), Вена (Австрия), Сеул (Корея), Будапешт (Мажарстан), Баку (Әзірбайжан), Минск (Беларусь), Нью-Йорк (АҚШ), Токио (Жапония), Варшава (Польша), Брюссель (Бельгия) қалаларының әйгілі сахналарында өнер көрсеткен.

Загрузка...
Журналист
– АҚШ Ақ үйінде тілмаш қазақша сөйлеуі үшін елімізде қазақ тілі үстемдік етуі керек.
Шүкеев жүрген жерде шөп шыға ма?
Қазақстанның кредитті рейтингі неге төменгі сатыда тұр
Евгений Жовтис: Әкем Мағжан үшін қуғындалды
Белгілі құқық қорғаушының әкесі Александр Жовтис және Мағжан Жұмабаев, сондай-ақ, Алаш төңірігенде берген сұхбаты
Қоғам ұстаздарды құлақкесті құл етті
Тарихтан оқымай барсаң Төлепбала апайдың таяқшасы шып ете қалатын
Төңкерістің басы бар да, аяғы жоқ
Революция заманның өзгергеніне қарамастан үнемі қайталанып тұратын құбылыс
Принуждение к морали
- Я 12:45:04 Прошу Вас, сфокусируйтесь, пожалуйста, на простейшей мысли: никого не волнует представление имярека о морали, поскольку оно [его представление] всегда субъективно и относительно. Именно для этого и существуют ЗАКОНЫ. И если имярек считает себя потерпевшим - пусть подаёт заявление в полицию и через суд доказывает свою правоту. А вот угрозы поджечь клуб, избить хозяев клуба или участников инцидента - уголовно наказуемы. Благодарю за общение. :)
Американский суд встал на сторону Храпунова
- Ха! Храпунов кристально чистый? Ха! Три раза ха! На одной из работ пересекался и с чиновниками и с их детьми. Фильм "Крестный отец" просто отдыхает. И если чиновники еще как-то скромничают, ибо кресло потерять могут, если сильно зарываться будут, то их детки вообще себя ничем не ограничивают.
Варежки
- :) Спасибо, Сапа! "тургеньские девушки байзаковского возраста" - это пять! :) Оставайтесь таким всегда, даже если слово "всегда" противоречит устройству этого мира
Герольд Бельгер: Кокжайлау хотят уничтожить
- ТЭТЯНА, Кокжайляу - это уникальное место, там растут эндемичные виды растений, Кокжайляу красив своей естественной красотой, там лучше ходить пешком и наслаждаться красотой, дышать свежим воздухом. А туристические объекты можно и в другом месте строить, например построить этноаул где-нить недалеко под Алматой, в степи, я лично давно мечтаю, попить настоящий кумыс, обучиться какому-нибудь народному ремеслу и т.п.
Smart-путешествия по-МИДовски
- Мой айтишник за подобное приложение запросил 500 долларов и неделю срока. Торг уместен. Приложение на уровне дипломной работы студента. Вообще траты в МИДе сумасшедшие. Довелось побывать в одном из посольств Казахстана и заценить их компьютерное оснащение. Аймаки и макбуки в топовой конфигурации. Чтобы почту проверить и документ в ворде набрать им нужны компы за 3 тысячи долларов каждый. Автомобильный парк тоже впечатлил
Ратель. Лучшее за 2017 год. Сергей Уткин
- Уткин - высококвалифицированный юрист, что редкость даже среди обладателей юр. дипломов. Таким не сделать карьеры в КЗ, только на вольных хлебах........
Сварщик для Сауата Мынбаева
- Они и есть настоящие хозяева страны и творят все, что хотят, ведь никто с них за это не спрашивает.Как можно спросить с хозяина?.Все остальные прислуга и лакеи, каждый на своем строго определенном месте, ну за небольшим исключением, имеющая только одно право и в то же время обязанность-молчать, но, они не возражают и вполне с этим согласны.Касаемо сварщика, его имя будет втоптано в историю.Уж позаботятся.