Sierra Nevada америкалық жекеменшік корпорациясы жексенбі күні Dream Chaser көп рет ұшырылатын ғарыш кемесінің сынақтан сәтті өткенін мәлімдеді. Бұл туралы деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеп. «Sierra Nevada Dream Chaser ғарыш кемесінің сынақтан сәтті өткенін мақтанышпен мәлімдейді», - делінген компанияның Twitter-дегі парақшасында. Dream Chaser Мохаве шөлінде (Калифорния штаты) орналасқан АҚШ Әуе қорғаныс күштерінің Эдвардс базасына қонды. Бұл - еркін ұшу режимінде сынақтан кейінгі тесттік моделдің алғашқы сәтті қонуы. 2013 жылы осындай сынақ кезінде аталмыш құрылғы шассидің ақауы салдарынан зақымданған еді. Айта кетейік, Sierra Nevada АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармамен (NASA) бірлесіп, 10 жыл бойы Dream Chaser-дің құрылысын жүргізіп келеді. Кемені жасап шығаруға $125 млн қаржы бөлінген.