АҚШ-та толассыз жауған қар мен күннің күрт суытуы салдарынан бір апта ішінде 13 адам көз жұмды, деп хабарлайды СNN. Синоптиктердің хабарлауына қарағанда, АҚШ-тың шығысында алдағы күндері де қыс қаһарына мінбек. Елдің Бостоне, Филадельфия және Нью-Йорк сияқты ірі қалаларында аязға байланысты барлық мектептер жабылған. Елдегі әуежайларда 3 мыңнан аса әуе рейстері кейінге шегерілді. Вирджиния, Солтүстік Каролина және Флорида штаттарында мыңдаған адам жарықсыз қалды.