Лас-Вегаста «Дүниежүзі аруы» қатысушылары арасында ұлттық киім байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Лас-Вегаста «Дүниежүзі аруы» қатысушылары арасында ұлттық киім байқауы өтті. Біздің Камила Әсілова жұртшылық алдында отандық дизайнер Малика Өсіпованың қолынан шыққан көйлекті киіп шықты», - делінген «Қазақстан аруы» байқауының Инстаграмдағы ресми аккаунтында.
«Дүниежүзі аруы» байқауының финалы 26 қарашада өтеді. Еске сала кетейік, Камила Әсілова «Алматы аруы - 2016» атанған болатын.