Қаз   Рус

Зейнетақы қорының экс-басшысы Ерденаевқа 700 мың доллар пара алды деген айып тағылуда

13 қаралды
0
kaztag.kz
Среда, 15 Ноя 2017, 17:45

 Динара Жаркеева. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) экс-басшысы Руслан Ерденаев пен оның орынбасары Дабыр Медетбековқа 700 мың доллар көлемінде пара алды деген айып тағылуда, деп хабарлады агенттіктің тілшісі сот залынан.

«Ол (Р. Ерденаев - ҚазТАГ) мемлекеттік функцияларды жүзеге асырушы тұлға бола тұра «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Д. Медетбековпен алдын ала келісе отырып, бірқатар адамдармен бірлесіп делдал Т.Тортаев арқылы «Бузгул Аурум» ЖШС жалғыз құрылтайшысы Б.Кенжебаевтан аса үлкен көлемде 700 мың долларды БЗЖҚ-ның «Бузгул Аурум» ЖШС облигацияларын сатып алуы үшін алған. Осылайша ҚР ҚК 366 бабы 4 бөлімі бойынша қарастырылған қылмысты жасаған», - деп оқыды айыптау актісін прокурор сәрсенбіде.

Осы ретте, аталып өткендей, Р.Ерденаев пен Д.Медетбеков көрсетілген соманы өзара сәйкесінше 400 мың доллар және 300 мың доллар көлемінде бөлісуге келіскен.

Сонымен қатар, айыптау нұсқасы бойынша, Р.Ерданаев бірқатар тұлғалармен бірлесіп, атап айтқанда Д. Медетбеков, Б. Кенжебаев, А. Найзағарин және Бахтовтың көмегімен өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткен, яғни аса үлкен көлемде жымқырған, осылайша ҚР ҚК 189 бабы 4 бөлімінің 2 тармақшасында қарастырылған қылмысты жасаған.

Айыптау актісіне сәйкес, «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасының экс-орынбасары Д. Медетбековке ҚР ҚК 366 бабы 4 бөлімі, 189 баптың 4 бөлімі бойынша айып тағылған. Ал, «БЖЗҚ» АҚ тәуекелді басқару департаментінің қаржы тәуекелдері басқармасының бастығы М. Бахтовқа ҚР ҚК 28 бабы 5б, 189 баптың 4 бөлімі 2 тармақшасы бойынша, сонымен қатар «Бузгул Аурум»ЖШС қадағалау кеңесінің төрағасы Б. Кенжебаевқа ҚР ҚК 189 баптың 4 бөлімі 2 тармақшасы бойынша, «Бузгул Аурум»ЖШС директоры А. Найзағаринге ҚР ҚК 189 баптың 4 бөлімі 2 тармақшасы, 28 баптың 5 бөлімі, 367 баптың 4 бөлімі бойынша, «Мегатрансазия» ЖШС директорының бұрынғы орынбасары Т. Тортаевқа ҚР ҚК 368 бабы 1 бөлімі бойынша айып тағылуда.

Атап өтер болсақ, Р. Ерденаев, Д. Медетбеков пен Б. Кенжебаев тағылған айыпқа қатысты өз пікірлерін білдіруден бас тартты. Ал, М. Бахтов тағылған айыппен келіспей, кінәсін мойындамады. А. Найзағарин болса өз кәнісін жартылай мойындаса, Т. Тортаев өз кінәсін толығымен мойындап, кешірім сұрады.

Бұған дейін хабарланғандай, айыптаушылар қатарында «БЖЗҚ» АҚ экс-басшысы Руслан Ерденаев, «БЗЖҚ» АҚ басқарма төрағасының экс-орынбасары Д. Медетбеков, «БЖЗҚ» АҚ тәуекелді басқару департаментінің қаржы тәуекелдері басқармасының бастығы М. Бахтов, «Бузгул Аурум» ЖШС қадағалау кеңесінің төрағасы Б. Кенжебаев, «Бузгул Аурум» ЖШС директоры А. Найзағарин, «Мегатрансазия»ЖШС директорының бұрынғы орынбасары Т. Тортаев бар.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-ның экс-басшысы Р.Ерденаев, М. Бахтов, Б. Кенжебаев, сонымен қатар А. Найзағарин ағымдағы жылдың қаңтар айында тұтқындалды. Оларға ҚР ҚК 189 бабы 4 бөлімі 2 тармақшасы бойынша (сеніп тапсырылған жеке мүлікті иелену және ысырап ету) айып тағылған.

Өткен жылдың желтоқсан айында ҚР Ұлттық банкінің өтініші бойынша құқық қорғау органдары «БЖЗҚ» АҚ қызметін «Бузгул Аурум» ЖШС облигацияларын қордың жеке қаржысына 5 млрд теңгеге сатып алу фактісі бойынша тексерістен өткізді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.