Қазақстан-Қытай шекарасында тері бұйымдарының ірі көлемі анықталды. Бұл жайында ҚР ҰҚК Шекара қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қорғас» өткізу бекетінің жасағы Халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығынан Отанына жаяу келе жатқан 32 жастағы Қазақстан азаматшасын ұстады. Ұсталған азаматшаның қол жүгін тексеру барысында 70 ішік табылды. Бұл жайында өзара әрекет етуші органдардың өкілдеріне ақпарат берілді»,- делінген таратылған ақпаратта.