WBO тұжырымы бойынша жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін - 118 фунт) Азия чемпионы, 23 жастағы қытайдағы қазақ боксшысы Елшат Нығматоллаұлы (11-0-1, 3КО) 13 -інші жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақ жауынгері» 6 қаңтар күні қытайдың Шэньчжэн қаласында 6 раундқа жоспарланған кезекті айқасын өткізіп, индонезиялық қарсыласы Икал Тобиданы (13-23-1, 8КО) 3 раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді.