Пара алды деген күдікпен ұсталған Ерлан Біләл 4 қаңтардан бастап істің мән-жайы анықталғанға дейін директор қызметінен шеттетілді. Қазір оның міндетін шығармашылық жұмыс бойынша директордың орынбасары Жандарбек Садырбаев атқарып жүр.
Өткен аптада Ерлан Біләлдің 1,5 миллион теңге көлемінде пара алмақ болғаны анықталды. Театр директоры кінәсін толық мойындауына байланысты ұсталған жоқ.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрын 2015 жылдың 27 сәуірінен бері басқарып келді.