Желтоқсан айында қазақстандықтар Бірінші президент күнін және Тәуелсіздік күнін атап өтеді және осы мерекелерге 5 күн демалады, деп хабарлайды ҚазТАГ.
Сонымен, Бірінші президент күні 1 желтоқсан мемлекеттік мереке болып табылады. Ол, осы жолы жұмаға келеді, сондықтан қазақстандықтар 1 мен 3 желтоқсан аралығында демалады. Ал, алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі жұмыс күні болып қала береді.
Қазақстанда 16 мен 17 желтоқсанда Тәуелсіздік күні аталып өтеді. Ағымдағы жылы мерекелік күндер демалыс күндерге келіп отыр. Сондықтанда демалыс күндері келесі күндерге көшіріледі – 18-19 желтоқсан. Сәйкесінше желтоқсанның 16, 17, 18 мен 19 демалыс күндер болады, ал алты күндік жұмыс үшін желтоқсанның 18 жұмыс күні болып қала береді.
Жаңа жыл мерекесінде қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалады – 2017 жылдың 30-31 желтоқсаны мен 2018 жылдың 1-2 қаңтары, осы ретте мерекелік күндер демалыс күндермен түспа тұс келмейді.
Естеріңізге сала кетейік, «ҚР мерекелер туралы» заңына сәйкес ұлттық, мемлекеттік мерекелер аталып өтетін күндер еліміздің еңбек заңнамасына сәйкес мерекелік күндер деп танылады. Егер мереке күндері сенбі және жексенбі демалыс күндеріне түсіп қалса онда демалыс бір күнге созылады.