Талдықорғанда полиция бала ұрлығы туралы жалған ақпарат таратқан 3 әйелді ұстады, деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінен.
«Бүгін WhatsАpp мессенджерінде белгісіз біреулердің Талдықорғанда Н:Островский ат. жалпы білім беретін мектеп жанында жасөспірім баланы ұрлап әкеткені туралы ақпарат таратқан. Ұйымдасқан тексеріс әлеуметтік желіде тараған ақпаратты растамады», - делінген әлеуметтік желідегі ІІД парақшасында.
«Шұғыл-тексеру шаралары барысында Талдықорған полицейлері бала ұрлығы утралы жалған ақпарат таратқан күдіктілерді анықтап, ұстады. Күдіктілер ретінде облыс орталығының 3 тұрғыны ұсталды. Ұсталған күдікті 1977, 1994, 1997 жылғы әйелдер өз түсініктемелерінде таратылған ақпаратың ойәдан алынғанын және оған ешқандай негіз жоғын мойындады», - делінген хабарда
Талдықорғаннның ІІБ СТБТ тіркелген факті бойынша ҚР ҚК 274 б. 2б. (әдейі жалған ақпарат тарату) юойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұсталғандардың бірі ҚР ҚПК 128 бабына сәйкес қалалық полицияның уақтыша ұстау изоляторына тоғытылды. Қалған екеуіне қатысты тергеу барысында «Келу туралы міндеттеу» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.