15 желтоқсанда аяз болғандықтан, Өскемен және Семей қалаларында 1-4 сынып сабақтарын тоқтатты, деп хабарлады Өскемен қаласының білім басқармасы.
«Бүгін сағат 06.00-де қалада - 29, Семейде -27 градус аяз болып, ызғарлы жел соғып тұрғаны тіркелді. Өскеменде 1 м/с дейін жел бар», - делінген ведомство хабарында.
Температураның күрт төмендеуіне байланысты Өскемен мен Семей қалаларында 1-ден 4 сынып сабақтары тоқтатылды. Айта кетейік, биылғы жылы Шығыс Қазақстан облысында аязға байланысты мектептегі сабақтар бірінші рет тоқтатылды.