Шымкентте бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Турнир қорытындыларына орай, ел чемпионы атағына мына боксшылар қол жеткізді: 49 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Теміртас Жүсіпов, Олжас Байниязов (52 кг), Ільяс Сүлейменов (56 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Бекдәулет Ибрагимов (64 кг), Асланбек Шымбергенов (69 кг), Абай Төлеш (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Антон Пинчук (91 кг), Нұрсұлтан Аманжолов (+91 кг).