Полиция Атырау тұрғындарына көршілеріне көз қырын салып жүруді ұсынды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Біз Солтүстік Қазақстан облысында іске асырылған «Көршілік бақылау» бағдарламасының жұмысын талдадық және оны Атырауда пилоттық тәртіпте енгізуді жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады жұма күні жергілікті полиция қызметінің басшысы Ерлан Биғамбаев.
Жергілікті полиция басшысы бұл бағдарлама азаматтардың өтініштері мен сигналдарына уақтылы жауап беру арқылы полицияға және тұрғындарға үй аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде өзара іс-қимыл жасауға көмектесетінін атап өтті.
«Азаматтар қылмыстың анықталуына белсенді қатысады. Жыл сайын бюджетке 3 миллионға дейін қаражат бөлінеді. Биылғы жылы полиция қызметкерлері үшін 56 адам марапатталды», - деді Е.Биғамбаев.