Облыстық ауруханадағылар 13 жастағы қыздың жарақат алғанын растады. Зардап шеккен қыз емханаға жексенбі күні кешкілік жеткізілген, деп хабарлайды Қостанай жаңалықтары. «Шұғыл түрде ота жасадық. Қыздың асқазаны, сол жақ бауыры зақымданған. Ішкі ағзаларынан қан кеткен. Орташа ауыр деңгейдегі қаназдық диагнозы қойылды. Одан бөлек қыз қатты қорқып қалған», – дейді бас дәрігер Игорь Белобржицкий. Зардап шеккен қыз қазір жансақтау бөлімінде жасанды аппаратпен жатыр. Жағдайы бірқалыпты. Қызды анасы мас күйінде пышақтап тастағаны анықталды. Күдікті әйел полиция бөліміне жеткізілді.
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.