Қостанайлық кәсіпкерлерге ет пен астықты экспорттау пайдасыз болды, деп хабарлайды ҚазТАГ. Ресми мәліметтерге сәйкес, Қостанай облысында 10 ай ішінде экспортқа жеткізілімге 884 мың тонна астық және 632 мың тонна ұн тиді, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 247 мың тонна және 33 мың тоннаға аз.
«Экспорттың төмендеу себептері Ресей Федерациясында рекордтық астық жинау болып табылады. РФ өнімдері арзан, оған байланысты астықты сыртқа шығаруға пайдасыз болды. Сондай-ақ, ұлттық валюталардың айырбастау бағамының теңсіздігі (рубль мен теңгеден долларға) әсер етеді. Тағы бір себеп - «ҚТЖ» АҚ-ның жүк вагондарымен қамтамасыз етуде жүк жөнелтушілердің тапсырыстарын орындамау», - деді Қостанай облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Дархан Әбдікәрімов. Оның айтуынша, соңғы ақпарат бойынша, Қостанай облысынан 350 тонна ет экспортталды, бірақ 1040 тонна болады деп күтілген.