Оралда арбадағы мүгедек жанды дүкенге кіргізбегені үшін сатушыға жаза қолданылды, деп жазады «Мой город».
«Оқиға сатушының әдепсіздігінен орын алған. Қазір ол аталмыш дүкендегі жұмысынан шығарылған. Сондай-ақ оған сөгіс жарияланып, ол еңбек кітапшасына енгізілген», - деді дүйсенбі күні қарамағында осы дүкені бар нан зауытының директоры Мухамед Исаев.
Ал 5 қаңтар күні кешкісін орын алған оқиғаның мән-жайы туралы Орал тұрғыны Нұрбике Бисалиева айтып берді. Ол жолдасымен 16 жасар қызының жақын маңда орналасқан City Centrе аялдамасы маңындағы дүкенге нан алуға барғанын айтады.
«Дүкенде кезек болған, жолдасым барлығының шығып кетуін күткен, сосын арбада отыратын мүгедек қызым екеуі дүкенге кірген. Дүкенде тағы бірнеше адам болған, жолдасымк кезекке тұрған, сол кезде сатушы дүкенге арбамен кіруге болмайтынын айтып, сөйлеген. Ол дүкеннің арбаларға, тіпті мүгедектер арбасына да арналмағанын айтқан. Ақырында менің жолдасыма қызмет көрсетуден де бас тартқан. Ол жер арбамен кіруге болмайтындай-ақ кішкентай емес. Біз бұған дейін ол дүкенге барып жүрдік, енді не болып қалғанын түсінбедік. Мен мұны бұлай қалдырмаймын, себебі менің мүгедектер арбасына таңылып қалған қызымды олар қорлап отыр. Мен прокуратураға шағымданамын», - деді Н.Бисалиева.