Лисаковскіде жедел сатыда 16 жасар жасөспірімнің көз жұму дерегі бойынша қылмыстық тексеру басталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Оқиға орны алдын-ала тексерілді, жедел саты шаруашылығының құжаттары тәркіленді. Мәйітті және жедел сатының техникалық жағдайын сараптамадан өткізу тағайындалды, аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тек нұсқалары қаралуда, әзірге толық ештеме айта алмаймыз», - деді дүйсенбі күні Лисаковск прокуроры Еркін Тайкешов.
Ол нақтылағандай, ТЖ 12 қаңтарда шамамен 16.00-де №6 ықшамаудандағы үйлердің бірінде орын алған.
«Жеделсатыда 2 жасөспірім қалып қойып, олар өз беттерінше шығуға тырысқан. Сол кезде алдын-ала ақпар бойынша жеделсаты қайта іске қосылған. Құтқарушылар келіп жеткенде жасөспірімдердің бірі - 2002 жылы туылған бала өлі күйде табылған», - деді Е. Тайкешов.