ҚР Тұңғыш президенті қоры атқарушы директорының орынбасары болып Игорь Рогов тағайындалды, деп хабарлады ТПҚ баспасөз қызметінен.
«2017 жылдың 14 желтоқсанында Игорь Рогов Иванович Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорына атқарушы директордың орынбасары болып тағайындалды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін И. Рогов мемлекеттік-құқықтық бөлім меңгерушісі – ҚР президент іәкімшілігі басшысының орынбасары, кейін Қазақстан Конституциялық кеңес төрағасы қызметін атқарған.
Еске салсақ, 11 желтоқсанда Конституциялық кеңес басшысы қызметіндегі И.Роговтың орнына бұған дейін ҚР Жоғары сотының төрағасы қызметін атқарған Қайрат Мәми келді. ҚР парламенті сенатында Нұрсұлтан Назарбаев түсіндіргендей, И.Роговты қызметінен босату туралы шешім оның зейнеткерлік жасқа жетуімен түсіндірілген.