Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғалымбек Жұматов халықаралық терминдердің қазақ тіліндегі аудармаларын қайта қарауды ұсынды. Бұл туралы ол «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалында өткен демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Аймақтық коалициясының отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Іс-шара Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға арналды. «Жолдау адам мен оның денсаулығын, әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Ел дамуының басым бағыты индустрия, агроөндірістік кешен, көліктік-логистикалық инфрақұрылымның цифрландырылуы, заманауи технологияларды тұрғын үй құрылысы мен коммуналдық салада енгізу болып табылады. Бұл Қазақстанның әлемдегі алдынғы қатарлы елдер санатына енуі үшін қажет», - деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко.
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.