Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) Твиттердегі ресми парақшасында «Жыл боксшысы-2017» атағына үміткерлердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл атаққа алты боксшы үміткерлік етуде: қазақстандық Геннадий Головкин, тайландтық Срисакет Сор Рунгвисаи, америкалықтар Майки Гарсия, Теренс Кроуфорд, Джермелл Чарло мен Деонтей Уайлдер. Таяу күндері WBC ресми сайтында дауыс беру басталады.