ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Еуразия телеарнасының «Қалаулым» бағдарламасын тексеруге уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетерлігі, бүгін «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген министр алдымен Маңғыстаудан келген жеке кәсіпкер Сара Жүсіпованы қабылдап, оған «Облыстық мамандандырылған халыққа қызмет көрсет орталығында» медициналық көмек көрсету үшін жалға алған орнының мерзімін ұзарту мәселесіне көмек беруге тырысатындығын айтты. Сонымен қатар «Тарихи Ата жұрт» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Үзбен Құрманбайұлының бірлесіп іс-шара өткізу бастамасына қолдау көрсетті. Мұнан бөлек, Дәурен Әскербекұлы бейнебайланыс арқылы Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстары тұрғындарының өтініштерін тыңдады. Мәселен, Шымкенттен байланысқа шыққан блогер, заңгер Айгүл Орынбек ұрпақ тәрбиесіне нұқсан келтіретін Еуразия телеарнасындағы «Қалаулым» бағдарламасын жабу мәселесін қозғады.