Түркия, Чехия және Словения елдерінің бұрынғы Президенттері «Үлкен Еуразия - 2027: конфронтация және серіктестік» тақырыбындағы Астана клубының үшінші отырысына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ағымдағы жылдың ерекшелігі, біз бұл алаңға тек сарапшылық қоғамдастықты ғана емес, сонымен бірге саясаттанушыларды, бұрынғы Мемлекет басшылары мен Сыртқы істер министрлерін жинап отырмыз. Осындай жоғары құрамның арқасында шара жаңа сапалық деңгейге көтеріледі. Өйткені, саясаттағы өзекті тақырыптар талқыға түседі. Талқыланатын мәселелер Еуразиялық кеңістіктің дамуымен, Батыс пен Ресейдің арасындағы теке-тіреспен байланысты. Аталған мәселелердің бүкіл құрлықтың, Орталық Азия өңірінің, оның ішінде Қазақстанның дамуымен байланысы бар жайттар», - деді Әлемдік экономика және саясат институты ішкі саяси және әлеуметтік зерттеулер бағдарламасының жетекшісі Серік Бейсембаев. Халықаралық деңгейдегі шараға әлемнің 28 елінен 60-тан астам сарапшы қатысады. Олардың қатарында Түркияның бұрынғы Президенті Абдолла Гүл, Чехияның бұрынғы Президенті Вацлав Клаус, Словенияның бұрынғы Президенті Данило Тюркпен қатар жоғары лауазымды саясаткерлер, дипломаттар мен алдыңғы қатарлы сарапшылар бар.