Салынып жатқан Әбу Даби Плаза нысанының асханасынан өрт шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағандай, асхана аумағында жабдықтар, тұрмыстық техника мен жиһаздар өртенген. «Өрттің шарпыған аумағы 50 текше метрді құрайды. Өрт сөндіру қызметіне сағат 14.39-да хабар түскен, 14.43-те біздің жасақ оқиға орнына жетіп, 15.01-де жалынды ауыздықтады. Тілсіз жауды жоюға үш техника, №16 мамандандырылған өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 15 адам тартылды», - деді ол. Иманқұловтың айтуынша, қазіргі таңда өрттің таралу қаупі жоқ.