Қаз   Рус

Бораннан Астанаға келген шығын

13 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 12 Янв 2018, 15:00

11 қаңтар күнгі боран салдарынан елордада 26 тұрғын үйге зақым келді. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев төтенше жағдай жариялаған болатын. Жарияланған төтенше жағдай  бүгін тоқтатылды. Астана қаласы бойынша 26 тұрғын үй кешені зақымданды. Атап айтқанда, Алматы ауданында 4, Сарыарқа ауданында 8 және Есіл ауданында 14 тұрғын үйге зақым келді. Яғни қасбеттері ұшып, терезелері сынған», - деді ол. Э.Жүргенбаеваның сөзіне қарағанда, боран салдарынан 4 мектеп, 3 балабақша айтарлықтай бүлінген. Сонымен қатар С.Сейфулин атындағы Қазақ агроттехникалық университетінің шатыры жартылай ұшып кетіп, біраз шығын келтірген. «Қазіргі уақытта шығындарды орнына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мұнан бөлек 16 аялдама бүлініп, 131 бағдаршам орнынан қозғалып кетті. Пәтер иелері кооперативтерімен және тұрғындармен аудан әкімдері тығыз жұмыс жасауда.  Келтірілген шығындар есептелуде», - деді елорда әкімінің баспасөз хатшысы. Оның дерегінше, 2 күннің ішінде 82 мың текше метр қар қала сыртына шығарылды. Қар тазалау жұмыстарына 2 мыңнан астам жұмысшы, 2600 арнайы техника жұмылдырылды.  


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.