Сейсенбіде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың шығысында кей жерлерде қар жауады. Елдің батысында күн жауын-шашынсыз. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, кей жерлерде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.