Қазақ-қырғыз шекарасында 18 бас жылқы ұсталды. Ал оларды айдап өтпек болғандар іздерін суытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР ҰҚК Шекара қызметінен мәлім еткендей, малды салт атты үш адам айдап өтпек болған. «Тараз шекара жасағының «Жас өркен» шекара бекетінде 18 бас жылқы ұсталды. Малдар Қырғызстаннан Қазақстанға айдалып өтпек болған. Шекара жасағы жылқыларды ұстай бастағанда барымташылар іргелес елдің аумағына бой тасалап үлгерді», - делінген хабарламада. Аталмыш факті туралы Талас облысының құқық қорғау органдары хабардар етілді. Мал шаруа қожалығына сақтауға берілді.