Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Невзат Уянык мырза қазақстандық жас отбасының Асфандияр есімді сəбиінің тұсауын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астанадағы Юнус Эмре орталығына сілтеме жасап. «Елші мырза тұсау кесер рәсімінен кейін «сəбидің жолы ашық, өмірдегі қадамдары нық, дені сау, бақытты болсын!» деген тілегін білдірді», - делінген Орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында.