2030 жылға қарай Қазақстанда қант диабетімен ауыратындардың саны 1 млн адамға жетуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазТАГ Қазақ ұлттық медицина университетінің ішкі аурулар клиникасының директоры Жанай Ақановтың сөзіне сілтеме жасап.
«Жыл сайын елде қант диабетімен ауыратын науқастардың саны 13-14 мың адамға көбейеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 300 мыңнан астам адам қант диабеті тіркелген. Жылдың басында біз 293 мыңға жуық адам туралы айттық, яғни 9 айда кемінде 17 мың жаңа науқас қосылды. Биылғы жылдың соңына дейін біз 20 мың жаңа ауырғандар алуымыз әбден мүмкін. Ал 2030 жылға қарай Қазақстанда қант диабетімен ауыратындардың саны 1 миллионға жетуі мүмкін», - деді Ақанов «ҚР-дағы қант диабеті, мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру» конференциясында.
Өз кезегінде Азиялық диабетті зерттеу қауымдастығының хатшысы Джиньян Куй (Жапония) қазіргі кезде қант диабеті азиялық және еуропалық түрлерге бөлінгенін атап өтті.
«Азиялықтар көбіне дене салмағының жоғарылауы кезінде ауруға ұшырайды, ал басқа расада ауру артық салмақпен жүреді», - деді Д.Куй.
Сарапшылардың пікірінше, қазақстандықтар азиялық түрге байланысты аурудың дамуымен жиі кездеседі, сондықтан Қазақстанда қазірде Азия пациенттерін емдеудің ең жақсы жолдарын айқындау мақсатымен қант диабетін зерттеу бойынша кең ауқымды зерттеулер жүргізілуде.
Конференцияның қорытындысы бойынша, Қазақстан Диабетті зерттеуге арналған Азия қауымдастығына қосылды. Қазақстандық және жапондық мамандардың бірлескен алғашқы зерттеу жобасы «қант» генетикасын зерттеу болып табылады.