Үкімет отырысынан кейін ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ елімізде халық ең көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
«Бензин туралы мәселеге тоқталайын. Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығы жоқ. Себебі, осы айда елімізде 250 мың тоннадан астам АИ-92 маркалы бензин өндіріледі. Сондай-ақ, 100 мыңнан астам АИ-92 маркалы бензинді Ресейден импорттайтын боламыз. Сондықтан 2017 жылдың қараша айының соңына дейін бензин бағасын түзетуге мүмкіндік болады», - деді министр БАҚ өкілдеріне.