Қаз   Рус

Қазақстанда 4 мың тыйым салынған материалдар мен сайттар анықталды

26 қаралды
0
kaztag.kz
Пятница, 26 Янв 2018, 15:00

2017 жылы Қазақстандағы діни зерттеулер бойынша 3 751 тыйым салынған материалдар мен веб-сайттар анықталды, деп хабарлайды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, Қазақстанда діни сараптама барысында тыйым салынған материалдар мен сайттар анықталды.

2017 жылы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жүргізген діни сараптама жұмыстары барысында 4332 материалға (діни әдебиеттер, діни бағыттағы басқа да материалдар) зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде196 нысанға теріс қорытынды берілді.

Діни сараптама жүргізудің негізгі міндеті - Конституция нормалары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына теріс әсер ететін заңбұзушылықтарды анықтап, оларға сараптама жүргізу болып табылады.

Дінтану сараптамасының объектілеріне діни мазмұндағы және діни бағыттағы нысандарды қамтитын ақпараттық материалдар, рухани (діни) білім беру бағдарламалары, жарғылық және діни мазмұндағы басқа да құжаттар жатады.

Бұл ретте діни әдебиетті, діни мазмұндағы басқа да ақпараттық материалдарды, заттарды тарату діни ғимараттарда (құрылымдарда), рухани (діни) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда, облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен арнайы белгіленген стационарлық орындарда ғана рұқсат етіледі. Елімізде діни материалдар мен бұйымдарды саудалауға арналған 257 арнайы орын бар.

Жеке пайдалануға арналған заттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды әкелуді діни сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана тіркелген діни бірлестіктер жүзеге асырады.

Бұдан бөлек, діни радикализм мен экстремизмді насихаттауға қарсы іс-қимыл интернет-ресурстарды талдау арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, 2017 жылы тек Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 10174 интернет-ресурстың мазмұнына сараптама жүргізіп, оның ішінде 3555 сайттың заң бұзушылық бағыттағы қызметін анықтады.

Заңбұзушылықтар анықталған сайттар бойынша теріс сараптамалық қорытындылар ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберіледі.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.