Қаз   Рус

Қазақстанда 1 млн адам жалақыны конвертпен алып жүр

17 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 11 Янв 2018, 14:30

ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, республика бойынша 940 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтып, пайда тауып жүр. Олардың барлығы жалақыны конвертпен алады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ондай жалақыдан бюджетке ешқандай төлемдер жасалмайды. Зейнетақы қорына да ақша аударылмайды. Демек, ол адамдар болашақта зейнетақыға қалай шығатындарын ойламайды. Әлеуметтік сақтандыру қорына да ақша төлемейді. Ертең еңбекке жарамсыз болып қаламын, бала көтеремін, я болмаса, мүлдем жұмыссыз қаламын деп, бір сәт ойлану керек қой», - деді ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Оның айтуынша, қазіргі кезде осы санаттағы азаматтарды анықтау және тіркеу жұмыстарымен мемлекеттік кірістер департаменттері айналысып жатыр. «Бұдан бөлек, 178 мың адам өздерін жеке кәсіпкер деп таныстырған. Алайда олардың барлығы тиісті мемлекеттік органдарда тіркелмеген болып шықты. Сонда олар кәсіпкерлікпен айналысса да, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер сияқты бюджетке ешқандай салық төлемейді, зейнетақы мен әлеуметтік қорға ақша аудармайды. Демек, Қазақстанда барлығы 1 млн-нан астам адам өз кәсібін заңдастыруы қажет», - деп атап көрсетті С.Жақыпова. Айта кетейік, биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмысын сынға алды. Себебі өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды тіркеу шаралары ойдағыдай жүргізілмейді. Содан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін кейінге шегеруге тура келді.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.