Қазақстан Қытайға автомобиль экспортын бастады, деп хабарлады ҚР инвестициялар мен даму министрлігіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.
«Қазақстанда құрастырылған автомобильдер көрші елдерге экспорталуда. Ағымдағы жылы алғаш рет Қазақстаннан Қытайға автомобильдердің экспорты басталды», - деді Жеңіс Қасымбек сейсенбідегі ҚР Үкімет отырысында.
ҚХР-ға қанша автомобиль және қанша соммаға экспортталғаны туралы министр хабарламады. Алайда, ол атап өткендей, Қазақстан автомабильден басқа алғаш рет теміржол машинақұрылысы өнімдерін – электрвоз бен тепловозды Орталық Азия елдері мен Украинаға экспорттауды бастады.
«Қазақстандық өндірістегі жолаушылар вагонын, рельстер мен әскери-өндірістік кешенінің экспортын насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы отандық өндірістің трансформаторларының жеткізілімі 60 пайызға артты. Ал, жақында ғана іске қосылған Орал трансформатар зауыты өз өнімінің 96 пайыз шетелге экспорттайды, бірінші кезекте Ресейге», - деп толықтырды министр.
Оның айтуынша, аккумулятор экспортының 1,2 млн данаға дейін немесе шамамен 35 млн долларға артып келе жатқаны байқалады. Аккумуляторлар Таяу Шығысқа және Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елдеріне экспорттала бастады.