Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 676 шақырымда Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 4,8 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды қазақстандық сейсмологтар. «Жер сілкінісі 23 қаңтар күні ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ ММ сейсмикалық станциялар желісімен сағат Алматы уақыты бойынша 07.26-да тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 676 шақырым жерде, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан», - делінген хабарда.
Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,8. Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы ақпарат жоқ.