Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы 2017 жылы ең көп оқылған авторлар тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат кітапхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Сұранысқа ие кітаптар арасында Робертс Грегори Дэвидтің «Шантарам» романы көш бастап тұр. Өткен жылы бұл туындыға оқырмандар тарапынан 165 рет тапсырыс берілген. Екінші орында Ахмет Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқыш» кітабы тұр, бұл жинаққа 132 рет тапсырыс берілген. Одан кейінгі орындарға Мұхтар Əуезов, Ілияс Есенберлин, Жүсіп Баласағұн, Әлихан Бөкейхан және т.б. авторлар жайғасқан», - делінген ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ресми жауабында. Сонымен бірге, денсаулық саласы бойынша кітапханада Александр Окороковтың «Диагностика болезней внутренних органов» кітбына 145 рет тапсырыс берілген. Көркем әдебиет бойынша - Мұхтар Әуезов, «Абай жолы» романы (124 рет), тарихи романдар арасында - Ілияс Есенберлин «Көшпенділер» кітабы (91 рет) және «Алаш қозғалысы» кітабы 84 рет