Оң жағалаудағы Сарыарқа ауданында елорда 20 жылдығына орай екі қабатты «Алланың гүлі» мешіті салынуда, деп хабарлады Elorda.info. Ғимарат бір уақытта 300 адамды (…) қабылдай алады. Мешітті 2017 жылдың соңына дейін салу керек, ал ол шамамен желтоқсан айында іске қосылады деп күтілуде деп жазады хабарлама таратқан портал. Мешіт орналасқан алаңның аумағы 1,4 га, ал ғимараттың ауданы 2 мың шаршы метр.
Ғимараттың сәулетшісі - Сағындық Жанболатов. Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт «Хазырет Сұлтан» саналатыны мәлім. Алайда «Алланың гүлі» мешіті айтарлықтай өзгеше, жаңа құлшылық ғимараты символизм және авангард стилінде салынуда. Осы ретте, аталып өткендей, құрылыстың өзгешелігіне қарамастан ол діни қағидалардың еш қайсысын бұзбайды. Осындай тектес нысандар Малайзия мен Германияда бар.
«Мысалы, мешіттің үстінен қарасаңыз, ол бір кезде гүлге және алмаздың жиектемелеріне ұқсайды. Мешітке келушілерді оның ішіндегі дизайны да бейжай қалдырмайды, ал мешіттің айналасында жабық галерея болады, ол келушілерді ауа-райының қолайсыздығынан қорғайды» дейді мешіт жобасының авторы.