Астанада Ташенов көшесіндегі жол қозғалысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметінен.
«Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өткізу мүмкіндігін ұлғайту мақсатында Ташенов тұйық көшесіне сол жақ бұрылысты алу арқылы (Таха-Хусейн көшесі тарапынан) Ташенов көшесі бойында жол қозғалысының ұйымдастырылуына өзгеріс енгізді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Бұл ретте, Ташенов тұйық көшесіне кіру үшін Ташенов тұйық көшесіне оң жақтан бұрылыс жасап, «Аурика» АҚС қарама-қарсы айналуды жүзеге асыра отырып, одан әрі тікелей Ташенов көшесі арқылы қозғалуды ұсынады.