Астана қаласының полиция қызметкерлері елорда аумағына героин тасымалдаған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«34 және 40 жастағы екі адамның үйінде сақталған ерекше көп мөлшердегі есірткі заты тәркіленді. Сот-химиялық сараптама қорытындыларына сәйкес, табылған 1 кг 734 грамм есірткінің героин екені анықталды», - делінген хабарламада. ҚР ҚК 297-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер Астана қаласы ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Олардың осындай басқа қылмысқа қатысы барлығы тексерілуде.