Қарағандыдағы мемлекеттік балабақша алдындағы алаңға ертегі кейіпкері Алдаркөсеге арналған ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Гүлдер» балабақшасының меңгерушісі Бақытгүл Абдрасилованың айтуынша, бұл кейіпкер халық даналығы мен тапқырлығының символы.
«Балалардың өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінгені өте маңызды. Өзінің ақылды айлакерлігімен ол адамдарды сараң болмауға, рақымсыздарды мейірімді болуға үйретеді», - дейді балабақша директоры. Саз балшықтан жасалған, есек мінген Алдаркөсенің ескерткіші - қарағандылық мүсінші Бөскей Қыздарбековтің балаларға жасаған тартуы.