Қарағанды облысындағы ауылдардың бірінде ветеринарлардың пікірінше, жазылмайтын жылқы ауруына байланысты 3 айға карантин жарияланған, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі. «2017 жылдың 8 қаңтарынан бастап Қарақұдық ауылында үш айға карантин жарияланды. Бұл елдімекенде жануарлардан жұғатын ауру анықталған. Ережеге сәйкес, карантин кезінде ең алдымен ауру жануар анықталып, оны өртеп жіберу арқылы жойады. Бүгінгі таңда 15 жылқы ауырып, оның барлығы да жойылды», - деп хабарлады сәрсенібде Қарағанды облысы ветеринарлық бақылау комитеті инспекциясының басшысы Марат Мұхтаров. М. Мұхтаров атап өткендей, жылқылардың бұл ауруы емделмейді. «Бұл созылмалы жұқпалы ауру, нақтырақ айтсақ, зең ауруы. Сондықтан ауру ары қарай таралып кетпеуі үшін малдарды бірден жою керек. Және ат тұрған орын - сарайды мұқият залалсыздандыру керек», - деп түсіндірді ветеринарлық бақылау комитетінің инспекциясынан. М. Мұхтаров атап өткендей, жылқылары өлтірілген адамдардың барлығы мемлекеттен өтемақы алады. «Бюджет малдары үшін иелеріне өтемақы төлейді. Оған статистика бойынша жылқы бағасы негізге алынады. Сол бойынша өтемақы төленеді», - деді М.Мұхтаров.
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.