Ақмола облысында əкелі-балалы ересек адамдар от жағылмаған тұрғын үйде қатып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлердің дерегі бойынша жазатайым оқиға 2018 жылдың 6 қаңтарында Еңбекшілдер ауданының Аңғал батыр ауылында болған. Бұл туралы сол күні Еңбекшілдер аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне осы ауылдың 1952 жылғы тұрғыны хабарлаған. Кейін белгілі болғандай от жағылмаған үйде қатып қалған 1939 жылғы ер адам өңеш обыры дертімен ауыратын науқас болса, 1971 жылғы ұлы еш жерде жұмыс істемеген, ішімдікке əуес болған. Марқұмдардың денесінде ешқандай қылмыстың ізі жоқ. Алдын ала диагноз бойынша суықтан қатып қалған.