Алматыдан 28 шақырым жерде 4,4 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Сейсмологиялық эксперименттік-әдістемелік экспедициясы».
«2018 жылдың 10 қаңтарында сағ. 9.27-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстанның аумағында Алматыдан шығысқа қарай 28 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.2. Магнитуда MPV 4.4.
Эпицентр координаттары 43.26 ° с.е. 77.25 ° ш.б. Тереңдігі 20 км», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Алматы облысының Талғар қаласында магнитудасы MSK-64 шкаласы бойынша 2 баллдық деңгейде сезілді.